Политика конфиденциальности

  1. Жалпы ережелер
  2. Ұғымдық аппарат
  3. Құпиялылық саясатын тарату
  4. Пайдаланушы құқықтары
  5. Нақты деректерді беру керек пе?
  6. Біз қандай деректерді өңдейміз, олардың мақсаты, негізі және сақтау мерзімі қандай?
  7. Деректерді өзгертуге бола ма?
  8. Өз деректерін қалай жоюға болады?
  9. Кімге қандай деректер берілуі мүмкін, беру мақсаты, негізі және сақтау мерзімі қандай?
  10. Мемлекеттік органдарға және осыған уәкілеттік берілген тұлғаларға ақпарат беру
  11. Ақпарат қауіпсіздігі
  12. Құпиялылық саясатындағы өзгерістер
  13. Байланыс ақпараты

1. Жалпы ережелер

1.1. https://chocolife.me веб-сайтын (бұдан әрі – «Веб-сайт») және Chocolife.me мобильді қолданбасын (бұдан әрі – «Қолданба») басқаратын «Редпрайс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «Компания», «біз») Пайдаланушы деректерінің құпиялығы.

1.2. Осы Құпиялылық саясаты (бұдан әрі – «Саясат») сіздің (бұдан әрі – «Пайдаланушы») Веб-сайтты және Қолданбаны пайдалануыңыздан алынған болуы мүмкін ақпаратты жинауға және өңдеуге қатысты біздің саясатымызды баяндайды.

2. Ұғымдық аппарат

  • «Редпрайс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — Веб-сайт арқылы, оның ішінде кері байланыс нысаны арқылы жиналған және Қолданба арқылы жиналған дербес деректердің операторы. Дербес деректер операторы деп дербес деректерді жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыратын тұлға түсініледі.
  • Пайдаланушы — дербес деректер тиесілі болған дербес деректердің субъектісі.
  • Дербес деректер — белгілі бір немесе олардың негізінде анықталатын Пайдаланушыға (дербес деректер субъектісіне) қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық тасымалдағышта жазылған ақпарат.
  • Веб-сайтhttps://chocolife.me бірегей бет көрсеткіші бар және ішінде Компанияны басқаратын беттері бар интернет-ресурс.
  • Қолданба — Компанияға тиесілі «Chocolife.me» мобильді қолданбасы.
  • Cookies — Компаниияның Веб-сайтына кірген кезінде пайдаланылатын Пайдаланушының құрылғысында сақталатын деректердің шағын файлдары.

3. Құпиялылық саясатын тарату

3.1. Осы Саясат мыналарға қолданылады:

  • https://chocolife.me веб-сайт;
  • «Chocolife.me» қосымшасы;
  • электрондық пошталар.

4. Пайдаланушы құқықтары

4.1. Пайдаланушы дербес деректер субъектісі ретінде келесі құқықтарға ие:

  • 4.1.1. Пайдаланушының дербес деректерінің Компанияда бар болуы туралы білуге, дербес деректерді жинау және өңдеу фактісін, мақсатын, көздерін, тәсілдерін растайтын; дербес деректердің тізбесі; дербес деректерді өңдеу мерзімдері, оның ішінде оларды сақтау мерзімдері ақпаратын алуға;
  • 4.1.2. растайтын құжаттар бар болған кезде Компаниядан Пайдаланушының дербес деректерін өзгертуді және толықтыруды талап етуге;
  • 4.1.3. Пайдаланушының дербес деректерін бұғаттауды талап етуге;
  • 4.1.4. Пайдаланушының дербес деректерін жоюды талап етуге;
  • 4.1.5. дербес деректерді жинауға және өңдеуге берген келісімді кері қайтарып алуға;
  • 4.1.6. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де құқықтар.

5. Нақты деректерді беру керек пе?

5.1. Бұл міндетті емес, бірақ кез келген жағдайда біз Пайдаланушы жіберген кез келген деректерді дербес деректерге жатқызамыз.

6. Біз қандай деректерді өңдейміз, олардың мақсаты, негізі және сақтау мерзімі қандай?

МақсатыНегізіДербес деректерСақтау мерзімі
Купондар мен сертификаттарды сатып алу бойынша қызметтерді ұсынуЖеке кабинетте тіркелу
  • тегі, аты
  • туған күні
  • жынысы
  • қала
  • e-mail
  • телефон нөмірі
  • фотосурет
  • Пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге берген келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін
  • Жеке кабинет жойылғанға дейін
Пайдаланушының сұрау салуына жауап беруКері байланыс нысандары арқылы алынған сұрау салу
  • тегі, аты
  • телефон нөмірі
  • e-mail
  • қала
  • қызмет саласы
  • ЖК немесе ЖШС болуы
  • сұрау салудың мазмұны
  • Пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге берген келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін
  • Жеке кабинет жойылғанға дейін
Пайдаланушының жеке кабинетін қауіпсіздендіруЖеке кабинетте тіркелу
  • Браузер, кіру күні мен уақыты туралы ақпаратты қамтитын белсенді сеанстар
  • IP-мекенжай
Жеке кабинет жойылғанға дейін
Пайдаланушыға жеке кабинеттегі әрекеттер туралы e-mail-де хабар беру (мысалы, купондарды сатып алу)Таратылымдарды алуға келісім
  • Пайдаланушы әрекеттері (мысалы, купондар мен сертификаттарды сатып алу)
Пайдаланушы таратылымдарды алуға келісімді қайтарып алған сәтке дейін
Пайдаланушыға жаңалықтар, арнайы ұсыныстар туралы хабар беруТаратылымдарды алуға келісім
  • телефон нөмірі
  • e-mail
Пайдаланушы таратылымдарды алуға келісімді қайтарып алған сәтке дейін
Көрсетілетін қызметтердің сапасын және Пайдаланушы тәжірибесін жақсартуКелісім
  • Cookie файлдары
Пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге берген келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін (функционалды cookie-файлдарына жатпайды)
Геолокация бойынша релевантты ұсыныстар беру Келісім
  • Орналасқан жері
Пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге берген келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін
Пайдаланушының төлемдерін және қаржылық қауіпсіздігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуЭмитент-банктің келісімі/сұрау салуы
  • Тегі, аты
  • e-mail
  • телефон нөмірі
  • транзакция деректері (транзакция күні мен уақыты, таңдалған тауарлардың/қызметтердің бағасы, позициясы)
  • құрылғылардың ID-і
  • IP-мекенжай
  • Карта деректемелері
  • Картаны Пайдаланушының жеке кабинетіне байланыстыру фактісі
  • Маска және hash карталары
  • Төлем тәсілі
Транзакция жасалған сәттен бастап 5 жыл

Пайдаланушы cookie файлдарын қалай пайдаланатынымыз туралы толығырақ Cookie файлдарын өңдеу саясатында таныса алады.

7. Деректерді өзгертуге бола ма?

7.1. Пайдаланушы кез келген уақытта өз деректерін өзгерте немесе жаңарта алады. Деректердің өзгеруі Пайдаланушының жеке кабинетінде жүргізіледі.

8. Өз деректерін қалай жоюға болады?

8.1. Пайдаланушы аккаунтты жою жолымен өз деректерін жоя алады. Пайдаланушы 30 күнтізбелік күн ішінде өз аккаунтына кіруді қалпына келтіре алады.

8.2. Сондай ақ пайдаланушы ok@chocolife.me электрондық поштасына «Дербес деректерді жоюға сұрау салу» тақырыбын көрсете отырып хат жіберу жолымен өз деректерін жоя алады. Біз Пайдаланушының хатын тіркеген сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде дербес деректерді жоямыз.

9. Кімге қандай деректер берілуі мүмкін, беру мақсаты, негізі және сақтау мерзімі қандай?

Беру мақсатыКімге беріледіНегізіДербес деректерСақтау мерзімі
Пайдаланушыға қызмет көрсетуКомпания СеріктестерінеКупонды және (немесе) сертификатты сатып алу
  • тегі, аты
  • телефон нөмірі
  • транзакциялық деректер (транзакция күні мен уақыты, құны, таңдалған тауарлар/қызметтердің позициясы)
Транзакция жасалған сәттен бастап 5 жыл
Төлемді жүзеге асыруды ұйымдастыру«Интернет лояльность» ЖШСКупонды және (немесе) сертификатты сатып алу
  • тегі, аты
  • телефон нөмірі
  • транзакциялық деректер (транзакция күні мен уақыты, құны, таңдалған тауарлар/қызметтердің позициясы)
Транзакция жасалған сәттен бастап 5 жыл
Төлемді жүзеге асыруТөлем ұйымдары мен банктерКупонды және (немесе) сертификатты сатып алу
  • Тегі, аты
  • e-mail
  • телефон нөмірі
  • транзакциялық деректер (транзакция күні мен уақыты, құны, таңдалған тауарлар/қызметтердің позициясы)
  • құрылғылардың ID-і
  • IP-мекенжай
  • Карта деректемелері
  • Картаны Пайдаланушының жеке кабинетіне байланыстыру фактісі
  • Маска және hash карталары
  • Төлем тәсілі
Транзакция жасалған сәттен бастап 5 жыл
Chocofamily экожүйесінің қызметтерін ұсыну Chocofamily Компаниялар тобы:
  • «Интернет лояльность» ЖШС;
  • ЖК «RahmetApp Ltd.»;
  • «Интернет доставка» ЖШС (Chocofood жобасы, https://chocofood.kz);
  • «Интернет Туризм» ЖШС (Chocotravel жобасы, https://chocotravel.com);
  • «Даркстор» ЖШС (Choco Рядом жобасы, https://ryadom.kz);
  • «Продоставка» ЖШС;
  • ЖК «Raketa Soft Ltd.» (Choco жобасы жеткізу, https://chocodostavka.kz);
  • «Chocofamily Service» ЖШС;
  • «Фудпанда Казахстан» ЖШС;
  • ЖШС «iDoctor.kz» (iDoctor жобасы, https://idoctor.kz);
  • «Choco Capital Partner» ЖШС;
  • «Chocofamily Holding» ЖШС;
  • ЖК «Chocofamily Holding Ltd.»
Жеке Кабинетті тіркеу
  • тегі, аты
  • телефон нөмірі
  • e-mail
  • фотосурет
  • Пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге берген келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін
  • Жеке кабинет жойылғанға дейін
Передача данных банку-партнеру АО «Фридом Банк Казахстан» через экосистему Chocofamily в целях участия в программе лояльности банка-партнера.ТОО «Интернет лояльность» с дальнейшей передачей АО «Фридом Банк Казахстан»Согласие / Оформление заказа
  • телефон нөмірі
  • Пайдаланушы дербес деректерді өңдеуге берген келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін
  • Жеке кабинет жойылғанға дейін

10. Мемлекеттік органдарға және осыған уәкілеттік берілген адамдарға ақпарат беру

10.1. Компания дербес деректерді тиісті мемлекеттік органдарға немесе осыған уәкілеттік берілген тұлғаларға осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамның санкциялаған ресми сұрау салуы болған кезде ғана бере алады. Алайда, деректерді беру қатаң регламенттелген, Компания заңнамада белгіленген рәсімдерге сәйкес келмейтін дербес деректерді бере алмайды.

11. Ақпарат қауіпсіздігі

11.1. Біз Пайдаланушының жеке ақпаратының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оған рұқсатсыз қолжеткізудің алдын алу үшін шаралар қабылдаймыз. Алайда, интернет арқылы ақпарат беру 100% қауіпсіз емес және біз Пайдаланушы ақпаратының қауіпсіздігіне кепілдік бере алмаймыз. Сонымен бірге біз тікелей серверлерімізде жарияланған ақпараттың қауіпсіздігіне кепілдік береміз.

12. Құпиялылық саясатындағы өзгерістер

12.1. Біз осы құпиялылық саясатын кез келген уақытта өзгерту құқығын өзімізде қалдырамыз. Кез келген өзгерістер осы бетте жарияланады, сондықтан кез келген жаңартулар туралы хабардар болу үшін оған үнемі кіріп тұрыңыз.

13. Байланыс ақпараты

13.1. Құпиялылық саясаты бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Пайдаланушы мына мекенжайға жүгіне алады: Алматы қ., Байзақов к-сі, 280 (Сәтбаев көшесінің қиылысы), «Almaty Towers» БО, Choco кеңсесі. Телефон: +7 (727) 339-91-00. Электрондық пошта ok@chocolife.me

Күшіне ену күні: 01.10.2024